2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№1101 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 233-бабына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін (бұдан әрi – қызметшілер) аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) азаматтық қызметшілерін аттестаттау олардың кәсiби және бiлiктiлiк даярлығын, iскерлiк қасиеттерiн айқындау, бiлiктiлiк санаттарын (разрядтарды) белгiлеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi өлшемшарты азаматтық қызметшілердің, оларға жүктелген мiндеттердi орындау қабiлеті болып табылады.
4. Жүктi әйелдер мен осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан аз жұмыс істеген азаматтық қызметшілерді қоспағанда, ІІО-ның азаматтық қызметшілері аттестаттауға жатады.
5. ІІО-ның азаматтық қызметшілері бөліністерде жұмыста болған әрбiр келесі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес аттестаттаудан өтедi.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткiзiледі.
6. ІІО-ның бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстағы азаматтық қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейiн алты айдан ерте емес аттестатталады.
ІІО-ның азаматтық қызметшілерінің өтiнiшi бойынша кезекті санат беру үшін аттестаттау көрсетілген мерзiмдер өткеннен кейін өткiзіледі.
7. Аттестаттау бiрқатар жүйелі кезеңдердi:
1) аттестаттау комиссиясы өткізетін ІІО-ның азаматтық қызметшілерімен әңгiмелесуді;
2) аттестаттау комиссиясының шешiм шығаруын қамтиды.
2. Аттестаттауды өткiзу тәртібі мен шарттары
8. Аттестаттауды өткiзуді аттестаттайтын органның кадр қызметi оның басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды:
1) аттестатталушыларға қажеттi құжаттарды дайындауды;
2) аттестаттауды өткiзу кестелерiн әзiрлеуді;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындауды;
4) аттестаттауды өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын ұйымдастыруды қамтиды.
9. Кадр қызметi осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аттестатталуға жататын азаматтық қызметшілерді алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.
10. Ұйым басшысы кадр қызметiнiң ұсынымы бойынша аттестатталатын адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекiтiлетін бұйрық шығарады.
11. Кадр қызметi аттестаттауды өткiзу мерзiмдерi туралы оны өткiзу басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей азаматтық қызметшілерді жазбаша түрде хабардар етедi.
12. Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшілердің тiкелей басшысы қызметтiк мiнездеменi ресiмдейді және оны аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн төрт аптадан кешіктірмей кадр қызметiне жолдайды.
13. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiби, жеке басының қасиеттерi мен қызметтiк жұмысы нәтижелерiнiң негiзделген, объективті бағасын көздейді.
14. Кадр қызметi аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн үш аптадан кешіктірмей азаматтық қызметшіні оған берiлген қызметтiк мiнездемемен таныстырады.
15. Аттесталатын адам оған берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзінің келіспегендігі туралы кадр қызметіне жазбаша түрде мәлімдеме жасайды.
16. Аттестаттауға жататын ІІО-ның азаматтық қызметшісіне аттестаттау парағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.
17. Аттестаттауға жататын ІІО-ның азаматтық қызметшісіне бағалау парағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделеді.
18. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметiнiң ұсынымы бойынша ішкі істер органдарының бөлінісі басшысының бұйрығымен құрылады және ол комиссия мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi қатарынан төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметi мен қабылдайтын шешiмдері үшiн жауапты болады.
19. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейдi, аттестатталатын адамды тыңдайды.
20. Ұсынылған материалдарды зерделеу және азаматтық қызметшімен әңгiмелесу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта аттестаттауға жатады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
21. Комиссия оң шешiм шығарған кезде азаматтық қызметшiнің тиісті бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгілейдi (растайды) не оны белгілеуге негiздердің жоқ екенiн атап өтеді.
22. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін азаматтық қызметшіге қатысты шешім қабылдау кезінде дауыс беру оның қатысуынсыз өтеді.
23. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауға ұсынған азаматтық қызметшілер бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан ерте емес осы Қағидаларда айқындалған тәртiпте қайта аттестаттаудан өтуге жатады. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткiзе отырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Азаматтық қызметші атқаратын лауазымына сәйкес болған кезде комиссия осы Қағидалардың 27-тармағын ескере отырып, шешiм шығарады.
24. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерi оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
25. Аттестаттау нәтижелері хаттамаға қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аттестатталатын адамға қолын қойдырып, аттестаттау парағының бір данасын бере отырып хабарланады.
26. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмдерi азаматтық қызметшілердің аттестаттау парақтарына енгiзiледi.
27. Аттестаттаудан өткен азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы және оның қызметтiк мiнездемесі жеке iсiнде сақталады. Ұйым басшысы бекiткен аттестаттау комиссиясының шешiмі азаматтық қызметшінің қызметтік тiзiмiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
аттестаттауға жататын азаматтық қызметшілерінің аттестаттау парағы
Аттестаттау түрi: кезектi - ; қайта -
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) _____________________
2. Туған күнi ____ж. «___»___________
3. Бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы мәлiметтер (қашан және қандай оқу орнын бітірген, бiлiмi бойыншамамандығы мен бiлiктiлiгi, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы құжаттар, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi, бiлiктiлiк санаты (разряды)
____________________________________________________________________
____________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтiлi – ________________________________________
6. Атқаратын лауазымдағы жалпы жұмыс өтiлi _____________
7. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi айтқан ескертулер мен
ұсыныстар: __________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Аттестатталушының пiкiрi ________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес тiкелей басшының азаматтық
қызметшінің қызметiн бағалауы
___________________________________________________________________________
_____________________________________________________________
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесi қатысты.
11.Аттестаттау комиссиясының әрбiр мүшесi толтыратын қоса берiлген бағалау парағына
сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша азаматтық қызметшінің қызметiн бағалау:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) __________;
2) қайта аттестатталуға жатады (дауыс саны) _________________;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) ______________.
12. Бiлiктiлiк санаты (разряды):
1) ________________ (жазумен) бiлiктiлiк санатына (разрядына) сәйкес келеді
_______________ (дауыс саны) ___________________________
(әрбір бiлiктiлiк санаты (разряды) бойынша жеке)
2) бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiздер жоқ (дауыс саны)
_________________________________________________________
Қорытынды бағалау _____________________________________________
____________________________________________________________________
(бiлiктiлiк санатының (разрядының) сандық белгiсi жазумен көрсетіледі)
13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар берілетін дәлелдемелерді көрсете отырып)
_______________________________________
____________________________________________________________________
14. Ескертпелер ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттау өткiзiлген күн 20___жылғы «___» __________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi
____________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: ______________________________________
(қызметкердің қолы және күнi)
Ұйымның мөрі үшін орын
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 2-қосымша
Ішкі істер органдарының аттестатталуға жататын азаматтық қызметшісін бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесi толтырады)
Аттестаттау түрi: кезектi - ; қайта -
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Лауазымы ________________________________________________________
Аттестатталушының бағасы __________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшесiнiң шешiмi (төменде көрсетілгеннің
бiрi: атқаратын лауазымына сәйкес келеді; қайта аттестатталуға жатады;
атқаратын лауазымына сәйкес емес): ______________________________
_______________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесi шешiмiнiң негiздемесi:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бiлiктiлiк санатына (разрядына) сәйкес келеді _________________
Бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiз жоқ _____________________
____________________________________________________________________
Негiздеме: ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесi ______________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________
(қолы)
Күнi 20___ жылғы «___» ____________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12759 болып енгізілді.